Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты Ескене, Таскескен, 441, 377 бекеттерінде газ жүйесі жүргізілмеген.
Бұл елді мекендер қазіргі уақытта қыс мезгілінде ағаш және көмір отынын пайдаланып келеді. Тұрғындарға көмек ретінде Теміржол мекемесі биыл 140 тонна екі вагон көмір жеткізіп берген.
Округ әкімі Қонысалы Шапайұлы шілде айында Ескене ауылы тұрғындарынан 10 тұрғын үйде ауыз су жоқ екеніндігі жөнінде арыз түскенін жеткізді. Тамыз айында аталған мәселе толықтай шешіліп, су құбыры жүргізлгенін тілге тиек етті.
"МТ"