"Жасыл елдіктер" құрылыс алаңында

(0 Votes)

Туған жерін түлету жолында тынымсыз тірлік атқаратын  "Жасыл ел" жастар еңбек жасағы өз жұмысына кірісті.

Биыл білікті жастардан құралған еңбек ұжымында бірқатар өзгерістер бар. Дәстүрге айналған науқан кезінде әдетте екі жүзден аса жас жұмысқа тартылатын еді. Бұл жолы елімізге енгізілген карантиндік талаптарға байланысты аудан бойынша 100 адамға ғана квота беріліпті. Соның 90-ы көгалдандыру бағытына жұмылдырылса, 10-ы құрылыс бағыты бойынша тер төгеді.

 Карантиннің тағы бір "кесірі"  жалынды жастар әдеттегідей төрт маусым емес, аталмыш квота бойынша тек шілде-тамыз айларында ғана еңбек етеді.

Аудандық жастар ресурстық орталығы мен "ДанСтройБаза"ЖШС-мен арадағы жасалған келісім бойынша осы айда 15 жас аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс алаңдарында тер төгіп көрмек.

img_1775

"Егер жастарымыз жұмыста оң нәтиже көрсетіп, сұраныс тудырса, облыстық штаттан тағы бір айға квота сұрататын боламыз",- дейді, орталық басшысы Ә.Қаржауова.

Құрылыс бағытына жастардың белгіленген квотадан көбірек тартылуы ауданымыздағы құрылыс қарқынының өзге аудандармен салыстырғандағы белсенділігімен байланысты болса керек. 
Өткен жылы жасақтың құрамы аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен комиссия құру арқылы, олардың әлеуметтік жағдайы сараланып, іріктелген болатын. Биылғы  "Жасыл елдіктердің" бұл шаруасын  30-шы маусымнан 10-шы шілдеге дейін облыстық штаб арнайы сілтеме арқылы анкета толтырғызу арқылы өзі жүзеге асырды.  Осылайша әлгі жерде алғашқы болып өтінім қалдырғандар алдыңғы толқынға ілікті.

Шілде айындағы 60 квотаның 11-і Доссор кентіне тиесілі болса, 49-ы Мақат кентінде. Қырық тоғыздың 15-і құрылыс, 34-і көгалдандыру бағытына жұмылдырылатын болады.

img_1769

Құрылыс бағытында алғаш рет күш сынағалы тұрған өрендеріміздің алаңда атқарар жұмысы құрылысшыларымызға  жәрдемдесу ғана. Ерінбей еңбегімен көзге түсе білсе, тас қалап жүрген ағаларынан тәжірибе жинауға да таптырмас мүмкіндік. Бәлкім, он саусағынан өнері тамған жас шеберіміздің жасырын таланты осы жерден ашылып қалар.Іске сәт, жас өрен! 


А.САДЫКОВ
Сурет автордікі
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521