Аптаның сәрсенбісі күні Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Мақат ауданына жұмыс сапары аясында жергілікті жастармен кездесті.
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өткен кездесу барысында бас имам «Жастар – руханият шамшырағы» тақырыбында әңгіме қозғады.
Әр елдің болашағы ондағы жастардың тәрбиесімен тікелей байланысты. Жастары білімді, рухани дамыған елдің болашағы да жарқын болмақ. Сондықтан да ақын Мағжан Жұмабаев:
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн, – деп жас ұрпаққа үлкен үміт артқан.
Сондықтан қазіргі жастардың мойнында ата-бабаларының үлкен аманаты бар екенін сезіндіру баршамызға міндет. Үлкендеріміздің жастардың жақсы болуын тілеуі дұрыс. Бірақ, білімді, иманды, тәбиелі ұрпақ – жастық шақтың қадірін түйсігімен түсініп, ақылымен ұғынып, бағалай білгенде ғана қалыптасады» деді бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Еркін форматта өткен кездесуде бас имам жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
"МТ"