Балалар үйірмесінің шәкірттері есептік концерт берді

(0 Votes)

Доссор мәдениет үйі жанындағы балалар үйірмелерінің шәкірттері есептік концертін өткізді. Сахнаны сағынған көрермендер үшін ән, би, драма, қолөнер, сурет үйірмелерінің оқушылары өнер көрсетіп, оларды бір қуантты.

Карантин уақытында өнер ордасы жұмысын тоқтатпай, шәкірттер үшін онлайн сабақтар мен дайындықтар өткізген болатын. Пандемия уақытында дайындықтарын жетілдірген өнерпаздар әрдайым әлеуметтік желілерде қолжетімді болып, әртүрлі челлендждер мен байқауларға да белсенді қатысты.

bi-2

Есептік концерт барысында вокал үйірмесінің оқушылары Ж.Жұлдыз «Әжетайым», М.Берікұлы «Ата-әже», Д.Ануарқызы «Көңілді күн», Л.Әлібек «Туған жер» әндерін тамылжыта шырқап, жұртшылықтың қошеметіне бөленді.

bi-4

Би үйірмесінің 1-сынып оқушылары  «Бүлдіршіндер» биімен және А.Қанатқалиева «Бипыл» биімен көпті тәнті етті. Сондай-ақ, «Еркемай» үлгілі би тобы орыс халқының биін, «Танго», «Тойбастар», «Еркем-ай» орта би тобы «Өзбек», «Күй шашу» және «Балауса» би тобының өзбек халқының ұлттық  билерін дөңгелене билегені көптің көңілінен шықты.

bi-3

Драма үйірмесінің шәкірттері Ә.Нұрсұлтан «Анаңа қоңырау шал», А.Қуанышұлы «Арман төрін Алаштаң анықтадың», Ш.Демепбергенова «Жетімдер үйіндегі қыздың монологы», Ж.Аманжолова «Жетімнің монологы» шығармаларын көркемдеп оқып жеткізді.

Өнер кешінің шымылдығын вокал үйірмесінің оқушылары Д.Ануарқызы және Т.Ерболатқызының орындауында «Мерекелеріңізбен!» әнімен жапты.

bi-5

Концерттік бағдарламаны қорытындылаған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Сарбасов және Доссор мәдениет үйінің басшысы Д.Құрмашев құттықтау сөз сөйлеп, үйірме жетекшілері мен оқушыларын "Алғыс хатпен" марапаттады.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521