Қызмет пайдаланудың оңай тәсілі бар

(0 Votes)

Ақпараттық технологиялар біздің өмірімізге біртіндеп еніп жатыр. Оның нақты көрінісі – Еgov жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі.

Дәл осы жүйенің көмегімен бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізу мүмкіндігі бар. Құжат рәсімдеу, коммуналды қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып төлеуге кез-келген қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Ал, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бұл жүйенің жұмысы одан әрі жетілдіріле түспек.

Электрондық үкімет, оның пайдасы мен артықшылықтары, оны қалай пайдалану керек? Осы және өзге мемлекеттік қызмет көрсету түрлері мен оны алу жолдары туралы, яғни халықтың компьютерлік сауаттылығын жоғарылату «Еgov.kz» электронды үкімет веб порталымен жұмыс жасау мақсатында ауданымызда оқыту курстары жалғасуда. Аталмыш курстар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның облыс бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігігінің Атырау облысы бойынша департамент өкілдерінің қатысуымен барлық ұжымдар мен мекемелерде жалғасын табуда. Күні бүгінге дейін біздің ауданымызда, аудандық филиал қызметкерлері және аудан әкімдігімен бірлескен кесте шеңберінде 41 мекемеде 300-ге тарта аудан тұрғындары аталмыш оқыту курсынан өтіп, қызмет алу түрінің оңтайлы екендігін ұғынды.

«Еgov.kz» электронды үкімет веб порталы озық технологияларды пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғаларға on-line режимде қызметтерді ұсынады. Ол үшін жеке электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болу қажет. Жалпы, «Электронды үкімет» порталында тіркеліп, үйде отырып-ақ, онлайн режимде мемлекеттік органдардың қызметтеріне қол жеткізуді ұсынықты пайдалана білген аудан халқының 47,4 пайызы, яғни 7463 адам уақытын үнемдеп отыр. Жоғарыда аталған бірлескен жұмыстар өз нәтижесін беріп отыр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы әдеп жөніндегі кеңес жасаған қортындысы бойынша осы жылдың алғашқы төрт айының өзінде облыстағы экономикалық белсенді азаматтардың 43,9 пайызы ЭЦҚ –мен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіш ауданымызда 47,4 пайызды көрсетіп, алғашқы орыннан табылып отыр. Әрине, бұл тоқмейілситін сан емес. Өйткені аудан тұрғындарының 15718 –і экономикалық белсенді азаматтар сапынан табылса, соның 7463-і ғана ЭЦҚ-мен қамтылған.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» аудандық филиалының басшысы Мейрамгүл Кеуеловаден білгеніміздей, ЖСН-і (орысша - ИИН) бар Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы ЭЦҚ-ны алуға және пайдалануға құқылы. Олай болса, уақыт үнемдеп, қызмет алудың оңай тәсіліне көшуге асығайық.

Г.САЛИКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521