Университет ұстаздарының жалақысы 350 мың теңгеге дейін өспек

(0 Votes)

Бұл туралы брифинг барысында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры, профессор Саламат Идрисов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраудағы жоғары білімнің «қарашаңырағында» бүгінде 7422 студент білім алады. Соның мыңнан астамы мемлекеттік, серпін, әкім және университет гранттарымен оқып жатыр. - Бір қуантарлығы, 2017 жылы небәрі 12 «алтын белгі» иегері болса, қазір бұл көрсеткіш 96-ға жетті, – дейді Саламат Идрисов.

– Оқу ордасындағы 200-ге жуық ұстаздың ғылыми атақ-дәрежесі бар. Ал, он оқытушы – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Төрт мамандық бойынша докторантура ашу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта PhD докторлары дайындалатын болады. 2020-2021 оқу жылында «Айдың үздік қызметкері» байқауы енгізілді. Соның нәтижесінде үздіктер 20 мың теңге көлемінде сыйақы алып отырады. 2020 жылдың өзінде ұстаздардың жалақысы университеттің өз есебінен екі рет өсті. Бұл алдағы оқу жылында да жалғасын табатын болады.

Атап айтқанда, министрлік тапсырмасына сай, оқытушылар – 200 мың, аға оқытушы – 230 мың, профессор жалақысын 350 мың теңгеге көтеру мәселесі қарастырылуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521