Ұлт саулығы – мемлекеттің тірегі

(0 Votes)

  Сайлау - аса маңызды саяси оқиға. Себебі мемлекетіміздің келешегі біздің шешімімізге тікелей байланысты. Биылғы жылдың 20 қарашасында өткен кезектен тыс Президент сайлауында басым дауыспен Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.

 Ауданның денсаулық сақтау саласы, оның ішінде медицина қызметкерлері қоғамдағы әр құбылысқа сергек қарайды. Салада саяси көзқарасы қалыптасқан, еліміздегі іргелі оқиғаларға өзіндік пікір білдіре алатын 300-ге жуық маман жұмыс істейді.

Сала қызметкерлері ел болашағы үшін жасалған маңызды қадамға жауапкершілікпен атсалысты. Жылжымалы медициналық кешен сайлау учаскелерін аралады. Ол жерде дауыс берушілердің қан қысымын өлшеп, медициналық көмек көрсетті. Сонымен қатар ауруханадағы ем алушылар да бұл саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасаған болатын.

Қоғам саулығы мемлекет үшін қашан да айрықша маңызға ие. Өйткені ұлттың сапалық көрсеткіші елдің дамуына тікелей әсер етпек. Сондықтан мемлекет басшысы аталған сала турасында жиі сөз етіп, медицинаның дамуына айрықша көңіл бөліп келеді.

Рысгүл Лекерқызы

Мақат аудандық ауруханасының директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521