Еңбекпен қамтитын шаралар қолға алынуда

(0 Votes)

Кезектен тыс өткен Президент сайлауы Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Бұл күні аудан тұрғындары да белсенділік танытып, сайлауға біркісідей атсалысты.

Әділетті Қазақстан - егемен еліміздің болашақ бейнесі.  Сондай-ақ, болашақтың жарқын болуы – әрбір азаматтың алға қарай ұмтылуы мен оңды жетістіктерге жетуіне байланысты болмақ.  Ендігі кезекте жаңа Қазақстан үшін нәтижелі жұмыс атқаруымыз керек.  Себебі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жұмыссыздық мәселелеріне аса ден қойған болатын. Әсіресе, еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы жастарға жұмыс беріп, олардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету керектігі жөнінде айтып өтті.

Қазіргі таңда жұмыссыздық мәселесін қолға алу мақсатында халықты еңбекке тартуға арналған көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар. Және осы бағытта ауданымызда да бірқатар шаралар қолға алынып, жұмыс істеуде. Оған мысал, жыл басынан бері 1472 адам жұмыс іздеуші болып тіркелсе, оның 988-і белсенді шараға қатысқандар. Сондай-ақ, тұрақты жұмыспен - 590, қайта даярлауға - 30, жастар тәжірибесімен - 85, әлеуметтік жұмыс орындарына - 38, қоғамдық жұмысқа - 275 адам қамтылған. Одан бөлек, «Бастау бизнес» жобасы бойынша 108 адам оқып, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға - 61 адам грант алды. Бұл тұрғыда қолға алынған шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына зор ықпалын тигізері сөзсіз. Себебі бұл - баршаға ортақ маңызды міндеттердің бірі.

Алмагүл АРАЛБЕКОВА,

жұмыспен қамту орталығының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521