Барлық талаптар ескерілуі тиіс

(0 Votes)

Бүгінде, сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі жалғасып жатыр. Осы орайда  24 желтоқсан күні “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының мәслихат депутаттығына үміткер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі  Абзал-Сенбі Самаликов сайлау алды бағдарламасын насихаттау мақсатында аудан ардагерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде өңіріміздің өзекті мәселелері талқыланып, шешу жолдары айтылды.

Үміткер партияның  қоғамдық қызметтерімен және сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үнпарақтар таратты.

Абзал Ізбасарұлы зейнеткерлерді сайлау науқанынан қалыс қалмай, алдағы жылы өтетін сайлауда еліміздегі беделді партия "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

samalikob

Бағдарламамен танысқан ардагерлер өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, кей мәселелердің шешілуіне "Nur Otan" партиясының ықпал етуін сұрады. Алдымен, қоғамдық көліктердің  маршруты, сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлердегі төлелердің  жағдайы сияқты бірқатар коммуналдық мәселелерді де ортаға салды.

Ардагерлердің көтерген мәселелері партия назарына алынып, шешу жолында жұмыстар атқарылатыны атап өтілді.

"Nur Otan" партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия.  «Nur Otan» партиясы әрқашан біздің жас буындардың тәрбиешісі һәм айнасы ардагерлерімізді жоғары құрметтеген. Барлық талаптар ескерілуі тиіс» деді А.Самаликов.

А.ЕСЖАН

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT