«Туған жер – тұнған тарих» конкурсының жеңімпаздары анықталды

(0 Votes)

Бір айдан астам уақыт аралығанда газетіміздің алғашқы бетінен орын алған «Туған жер – тұнған тарих» конкурсын қорытындылайтын уақыт келді.

Бұл байқау оқырмандар арасында аудан тарихы үшін маңызды оқиғалар мен деректерді есте қалдыру мақсатында ұйымдастырылған болатын. Осы уақытқа дейін 5 сұрақ газет бетінде жарық көріп, оқырмандар тарапынан толассыз жауаптар жолданды.

madaqtama

Олардың арасында Қуат Мұңтұрғанов, Орақ  Деңгелбаев, Бақтылы Мұқашева  есімді оқырмандарымыз алғашқы сұрақтан бастап белсенділік танытып келді. Тарихымыздан сыр шертер конкурсымызды қорытындылай келе, жеңімпаздарымызды марапатқа бөледік.

Санитарлық талаптарды сақтай отыра газетіміздің бас редакторы Гүлзада Саликова Мақат кентінің тұрғыны, өлкетанушы Орақ Деңгелбаевтың шаңырағына арнайы барып марапатты табыстаса, бас редактордың орынбасары Мөлдір Ізтұрғанова Доссор кентінің тұрғындары ардагер теміржолшы Қуат Мыңтұрғанов және аудандық музей қызметкері Бақтылы Мұқашеваны алғысқа бөледі.

madaqtama-2


Жеңімпаздарға редакция атынан мадақтама және естелік сыйлық табыс етілді.

Оқырмандарымызды алдағы уақытта да төл газетімізбен бірге болып, жіті байланыс жасауға шақырамыз. Келер жылы да газетіміз оқырмандарын жаңа айдар және конкурстармен қуантпақ. Сондықтан, жергілікті басылыммен бірге болыңыз!


“МТ”

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT