Ана бақытты болса, отбасы бақытты

(0 Votes)

10 қаңтар күні өтетін Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісі және мәслихат депуттарын сайлау қарсаңында «Nur Otan» партиясының өкілдері ауданымыздағы барлық сала қызметкерлері мен әртүрлі жастағы адамдарды назардан тыс қалдырмауда.

31 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Әсел Қаржауова мен Қуаныш Исмагулов «»Бақытты отбасы» жобасы аясында аналармен кездесу өткізді.

Жиын барысында алдымен сайлаудағы дауыс беру тәртібі және сайлаушының құқы талқыланды. Сонымен қатар көпбалалы аналар мен жалпы әйелдерді мазалайтын мәселелер сөз болды.

Партия әйелдер мен балаларды отбасындағы қатыгез қарым-қатынастан заңнамалық негізде қорғауды, отбасын қолдау орталықтары желісін құруды, қиын жағдайға душар болған жанұяларға көмек көрсетуге бағытталған «Бақытты отбасы» жобасын жалғастыруды және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін «111» жедел желісінің жүйелін жұмысын қамтамасыз етуді өз міндеттемесіне алды. Айта кететіні, атқарушы және өкілетті органдардың басшылық қызметіндегі әйелдердің үлесі 30%-дан кем болмауы керек деген партия бағдарламасы бар.

analarmen-2

Ана мен баланы қорғаймыз деген «Nur Otan»-дықтар өмірлік қиын жағдайды бастан кешіп жатқан отбасыларға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтілуін және жыл сайын экстракорпоральды ұрықтандыру жүргізу үшін 7 мың квота бөлінуін қатаң бақылауда ұстайтындықтарын айтты. Қоғамдағы өзекті мәселердің бірі алименттен жалтарғандарды жауапкершілікке тартып, берешектерін мәжбүрлі түрде өндіру де партия назарында.

Кездесуге қатысушылар сөз соңында ел болашағы үшін маңызды сайлаудан қалыс қалмай, көшбасшы партияны қолдауға шақырды.

 

А. Есжан

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT