Елордадан жеткен марапат

(0 Votes)

Жыл аяқталар тұста дәстүр бойынша әр саланың үздіктері анықталып, байқаулардың жеңімпаздары марапатталып жатады. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында еліміздің елордасынан арнайы марапат жетті.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Жыл сайын дәстүр түрде ұйымдастырылатын аталмыш конкурсқа қатысуға ауданнан Мақат локомотив пайдалану депосы өтінім ұсынған болатын.

 «Парыз» конкурсының лауреаттарына атақтарын беру жөніндегі комиссия шешіміне сәйкес, «КТЖ –Жүк тасымалы» АҚ «ГП Атырау бөлімшесі» филиалы «Мақат локомотив пайдалану депосы» Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2020» республикалық конкурсына қатысқаны үшін марапатталды.

Арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан жеткен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың «Алғыс хатын» аудан әкімі Шәкір Кейкин Мақат локомотив пайдалану депосының басшысы Абзал-Сенбі Самаликовке табыстады.

М.Серікқызы

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT