Бүгін жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімдігімен ерекше балаларға жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды.
Аталған шараға аудан әкімі Азамат Мәмбетов қатысып, ерекше балаларды мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ, ол бүгінде балалар үшін барлық жағай жасалып жатқандығын айтып, әр балаға зор денсаулық, бақытты балалық шақ тіледі.
Одан әрі балаларға арналған театрландырылған қойылымдарға кезек беріліп, аудан әкімінің мерекелік сыйлықтары табыс етілді.
Айта кетейік, ерекше бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында өткен кешке барлығы 150-ге жуық бала қатысты.
Ә.Қасым