Тәуелсіздік мерекесі атап өтілді

(0 Votes)

Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр елдің егемендігіне биыл 28 жыл толды. Мерейлі мерекеге орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Шараға аудан әкімі Шәкір Кейкин қатысып, аудан тұрғындарын ел тарихындағы орны ерекше мерекемен құттықтады.

– Тәуелсіздік ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмытылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Тарихи тұрғыдан алғанда 28 жыл аз мерзім болғанымен, егемен елімізде ғасырға татитын ауқымды жұмыстар атқарылды. Біз бүгінде әлемнің бәсекеге қабілетті 30 мемлекетінің қатарына қосылуды мақсат етіп, өз бағытымызды айқындадық. Даму белестеріне қадам басқан Мақат ауданында да жасампаз жұмыстар атқарылды. Ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығын аудан тұрғындары мен еңбеккерлері табысты қарсы алып отыр, – деді аудан басшысы Ш.Кейкин.

Кейін, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың "Алғыс хатымен" бірқатар азаматтарды марапаттады. Әкім марапаты арқылы ел құрметіне бөленгендер қатарында Мақат локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Владимир Чмарин, Мақат станциясының вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші Сағытжан Оңдыбаев, "Мақат-су Е" ЖШС-нің бастығы Еркін Сәбенов болды.

9

Сонымен бірге, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар азаматтарға аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінің маманы Рита Баукышева, "Болашақ" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Ботакөз Жакиева, "Ботақан" ясли-бақшасының тәрбиешісі Алтынгүл Қожақова, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің ағаш шебері Нұртай Баймағанбетов, аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Бағыт Жалмұханов, Доссор мәдениет үйінің басшысы Ризагүл Кабдикаримова, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Абзал Қапсалимов, аудандық орталық кітапханасының суретшісі Наурызбек Қажибаев, "Кабулов" ЖК мекемесінің жүргізушісі Мәдіғали Сейітқалиев, жеке кәсіпкер Светлана Сүлейменова, аудандық электр жүйесінің механигі Эдуард Сабыржанов, "Атырау су арнасы" КМК-ның Мақат ауданы бойынша кәріз құбырының жөндеушісі Сейіт Дүсіп, Мақат желілік техникалық учаскесінің кабелші-дәнекерлеушісі Жәнібек Қалымжан, аудандық электрмен жабдықтау торабының кезекші электромонтері Салық Алиев, "Қамқор Локомотив" ЖШС-нің жөндеу депосының технигі Гүлнар Сақтағанова аудан әкімінің «Алғыс хатына» бөленді.

1

Салтанатты шара барысында мемлекеттік жас қызметшілер аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бақылау және кеңсе бөлімінің бас маманы Айбек Сәлімов және аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Оразов Айбек ант берді.

f

Іс-шара одан әрі аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Өнерпаздар әуелете ән шырқап, мың бұралып би билеп жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерттік бағдарлама шымылдығын аудандық "Халықтық" ұлт-аспаптар оркестрі "Сарыарқа", "Арнау" шығармаларының дирижері Сая Жұмашеваның нұсқауымен орындап, ашты. Кейін, Алтынай Биманова "Менің Қазағым" әнін шырқады.

e7c14f2a-1a51-4b67-b6f0-9c3e013e8b23

Мерекелік шараны одан әрі арнайы көршілес Жылыой ауданынан келген өнерпаздар "Байтақ елім", "Қазақ осы" әндерімен жалғады. "Нұрбөбек" бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндер хоры балдырлаған тәтті тілдерімен "Тәуелсіз ел ұраны" әнін орындады.

22a5ae91-abaa-4ff4-98bf-79c049a8be98

Биші өнерпаздар әр ұлттың ұлттық биінен құралған "Ассамблея" композициялық қойылымын паш етті. Әскер Нұрманов "Туған жер", Бағыт Жалмұханов "Елге сапар" және Аружан Хасанова, Бекзат Мұханбетжанов "Қазағым" әндерін шырқап көпшіліктің көңілінен шықты.

d0b85e97-0b27-4b9e-a8c8-b06cc709bfbb

Салтанатты жиын "Тұран" триосының "Атамекен" әнімен қорытындылады. Әуені мен әуезі келіскен әнге көпшілік түрегеліп қошемет көрсетті.


М.ІЗТҰРҒАНОВА
Суреттер автордік

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT