Тартысқа толы «Мaqat quest»

Фото: мәдениет үйінен алынған
(0 Votes)

Жақында 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Мaqat quest» интелектуалдық сайысы өтті.

Аталған шараға «Сенім», «Жүйрік», «Кітап life», «Жастар» және «Достық» командалары қатысып, «Жоғалған әріптер», «Кім жылдам», «Қызықты психология», «Үш сұрақ, бір жауап», «Шытырман оқиға» кезеңдері бойынша өзара бақ сынады.

Тартысты ойын нәтижесінде доссорлық «Достық» және «Жүйрік» командалары алғыс хатпен және он бес мың теңгелік ақшалай сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, «Кітап lfe» командасы үздік үштік қатарынан көрініп, жиырма мың теңгелік сертификатқа ие болды.

Ойын қорытындысы бойынша қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан Жастар ресурстық орталығының "Жастар" командасы чемпион атанып, елу мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Ал, екінші орынға жайғасқан «Сенім» командасына отыз мың теңгелік сертификат табысталды.

Шара соңында барлық жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен дипломдар берілді.

Б.Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521