Мақатта «Кітар Time-2022» фестивалі өтті

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхана бастамасымен барлық өңірлерде өткізіліп жатырған "Кітар Time-2022" фестивалі аудандық орталық кітапханада да ұйымдастырылды.

Шараға аудандық орталық кітапхана басшысы М.Қалиқызы, әлеуметтік желіде белсенді блогерлер А.Қангереева мен Ж.Барлыбаева және мектеп оқушылары қатысты. Іс-шараны кітапхана басшысы ашып, барша оқырмандары мен қонақтарға құттықтау сөз сөйледі.

Аудандық орталық кітапханада алғаш рет ұйымдастырылған фестиваль түрлі форматты қамтыды. Рухани шара "Кітаптар әлемі" әдебиеттерге шолу, ақын өмірлерінен сыр шерту, "Поэзия Party" және әлеуметтік желілерде белсенді "Блогердің құпиясы" кезеңдерінен тұрды.  Шараға қатысқан әлеуметтік желі белсенділері, блогер қонақтар өз өмірлері мен әлеуметтік желі туралы ақпарат беріп, блогер болу, әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану турасында тың ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ,  кітапсүйер қауым мәдени-әдеби шараларға қатысып, мектеп оқушылары биылғы жылғы мерейтой иелерінің поэзиясын оқып, кітаптар әлеміне саяхат жасады.

91bae0e4-db09-4538-8a3e-14b89bd68ba2

Сондай-ақ, іс-шара аудандық кітапхана филиалдарында да жалғасын тапты. Атап айтсақ, балалар жылы аясында аудандық балалар кітапханасында "Бәрі кітаптан басталады" көрмесінің таныстырылымы өтті. Сондай-ақ, "Өнер-өмір" айдарымен түрлі сұрақтар қойылып, көркем бейнефильм көрсетілді. Бұдан бөлек, "Ғажайып кітаптар әлемі" атты ашық аспан астында кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, №6 кітапханада қолөнер үйірмелерінің оқушыларының қатысуымен "Қолөнер шеберханасы", "Оқы және өзгеге сыйла" атты букроссинг шаралары да қызықты түрде жалғасты.

Сондай-ақ,  кітапсүйер оқырмандар фестивальде жергілікті жазушы, көрнекті  қаламгер, аудармашы қайраткер Сәтімжан Санбаевтың "Аруана" шығармасынан моно қойылым тамашалады.

А.Таубаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521