Құтқарушылар құрметке бөленді

(0 Votes)

Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Сол себепті де өрт сөндіруші һәм құтқарушы мамандығын тек ердің ері ғана таңдай алады.


Ерен еңбегімен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген бейбіт күннің батырларын аудан әкімі Шәкір Кейкінұлы қабылдады. "Құтқарушылар мерекесіне" орай өткізілген жиында аудан басшысы аталмыш сала мамандарының жұмысы оңай еместігін тілге тиек етіп, жұрт үшін жұмыла атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі. Аудандық №8-ші өрт сөндіру бөлімі мен "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС Батыс филиалы Доссор өрт сөндіру ұжымынан келген бір топ құтқарушы қызметіндегілер де айтылған ақ тілектерге дән риза болды.


Сондай-ақ арнайы алғыс хат табысталып, гүл шоқтары ұсынылды. "Сіздерді Азаматтық қорғау органдарының кәсіби мерекесі Құтқарушылар күні мерекесімен құттықтаймын. Ең қауіпті мамандықтардың бірі - құтқарушылар қызметі. Бұл мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Осынау қиында қауіпті жұмыста батылдығыңыз бен қайсарлығыңыз ұштасып адам өмірін сақтау, табиғатты қорғауда аянбай атқарған қызметіңіз үшін алғысымды білдіремін. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға жаңа жетістіктер тілеймін",-делінген алғыс хатта.

А.САДЫҚОВ
суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT