Аяқдопшыларымыз үздік үштікте

(0 Votes)

Ауданымыздың аяқдопшылары облыстан топ жарып, Ақтау қаласында өтіп жатқан VII «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындарына жолдама алғанын жеткізген едік.

Жеңісіміз жеңіске ұласып әлгі жаңалықтың артынан тағы да ақжолтай хабар келіп жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 14 команданың арасынан жігіттеріміз үздік үштікке ілікті. Павлодар облысын 3:1, Алматы облысын 2:1 есебімен тізе бүктірген жерлестеріміз, өз тобынан бірінші орынмен шыққан еді. Жігіттер 1/4 ойындарында да жеңісті жолынан жаңылмай, Батыс Қазақстандықтарды 5:3 есебімен жеңді. Алайда жерлестеріміз жартылай финалда тактикалық қателіктерге бой алдырып, Қызылорда облысына есе жіберіп алды. Десе де бойларын тез жинақтап үлгерген олар қола жүлде үшін өткен тартысты бәсекеде маңғыстаулықтарды қапы қалдырды. Таблодағы есеп 7:3.


Есетеріңізге сала кетсек облыстық құрама сапында ауданымызды бес бірдей аяқдопшысы өнер көрсеткен еді. Олар: Азат Құттыбай, Алтынбек Қосекен, Ержан Шарафиев, Мұратбек Зарлыханов, Ақылбек Кәрімов. Осылайша есімдерін аудан тарихына алтын әріптермен енгізген сайыпқырандарымыз облыс мәртебесін биікке көтерді.

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT