Студенттер оқуға шақырды

(1 Vote)

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі аудан орталығындағы алаңда «Ұлы дала жастары» тақырыбында концерт берді.

Жастар жылына орай ұйымдастырылған концертте колледж студенттері өздері білім алып жатқан оқу орнына шақыра келді.

i

i

i

Колледж басшысы Ізтұрған Молдабекұлы аталмыш білім ордасында білім алудың тиімділігі жайлы айтты. Талапқа сай жаңа технологияларды қолдана отырып, қазіргі нарық заманында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда. Колледждің инженер-педагогтары тек білікті маман шығарып қоймай, өнерлі жастарды дайындауда алдарына жан салған емес. Аталмыш колледждің жастары кеште өнерлерін ортаға салып, көрермендерді баурап алуға тырысты. Жалындаған жастықтың ең тәтті де, жауапкершілікке толы кезеңі - студенттік шақ екендігін жеткізгендей болды. Отаубай Ақболат, ағайынды Айбек пен Нұрбек Әбітов, квартет, ән салса, «Доссор құрамасы» КТК командасы қағытпа әзілдерімен көрерменнің езуіне күлкі үйірді. Студенттер флешмоб және заманауи би билеп сахнаны жандандырды. Сондай-ақ, «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубының мүшелері әскери оқу-жаттығулардан үзінді көрсетті.

Студенттердің шығармашылығын паш еткен шара соңы «Бір үйдің баласындай» әнімен қорытындыланды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521