Бүгін Мақат ауданының орталық алаңында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалармен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің мерекелік шеруі өтті.
![]()
![]()
![]()
![]()
Мақат және Доссор кентінде бір мезгілде ұйымдастырылған шеруге ауданның барлық білім беру ұйымдарынан 700-ден астам бала қамтылды.
Ауданда екінші рет ұйымдастырылған шеру балғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Алдымен мерекеге сай безендірілген орталық көше бойымен көлік, мотоцикл, велосипедшілер бастап, қызылды-жасылды киінген барабаншылар, спортшылар, саз аспаптар оркестрі, суретшілер, мажоретка шашағын ұстаған шерушілер нақышты қимылдармен жүріп өтті. Осындай 10 колоннадан құралған ұжым бірінен соң бірі алаңға шығып, ән-жырларын төгілтіп, биді нақышына келтіре билеп, бар өнерлерін паш етті. Осылайша бүгінгі өткен шеру армандарды асқақтатып, өнерді шарықтатты. Балалар күні одан әрі думанды концерттік бағдарламаға ұласты.
![]()
![]()
Балғындарды мерейлі мерекемен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Н.Ерғалиев мереке аясында ұйымдастырылған сайыстардың жеңімпаздарын марапаттады. Сәні мен салтанаты келіскен мерекелік шара қатысушыларға ұмтылмас әсер сыйлағаны анық.
М.ІЗТҰРҒАНОВА,
суреттер автордікі



