Спорт нысаны пайдалануға берілді

(0 Votes)

 Дүйсенбі күні Мақат кентіндегі қайта жаңғыртудан өткен Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ғимараты мен орталық стадион пайдалануға берілді.

 Ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімі Ринат Хисаұлы, бөлім басшылары, спорт ардагерлері мен спортшылар және ауыл тұрғындары қатысты. Шарада алдымен сөз алған аудан әкімі Ринат Ибрагимов ауданда бұқаралық спорттың қарқынды дамып келетіндігін айтып, аудан тұрғындарын спорт нысанының ашылуымен құттықтады.

Өз кезегінде сөз сөйлеген ауданның құрметті азаматы, өлкетанушы Орақ Деңгелбаев жылы лебізін білдіріп, спорт нысанын жаңартқан аудан әкімдігіне тұрғындардың атынан ризашылығын жеткізді. Әрі қарай салтанатты түрде лента қию рәсімі аудан әкімі Ринат Хисаұлы мен өлкетанушы Орақ Деңгелбаевқа жолданды.

Салтанатты шараға келген қонақтар лента қиылғаннан кейін, спорт мектебінің ішін аралап, залда жаттығып жатқан спортшылардың өнерін тамашалады. Одан әрі үлкен стадиондағы жас футболшылардың жолдастық кездесуін қарап, тартысты ойынның куәсі болды.

Айта кетейік, аталған нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында және облыстық бюджеттен қаржы бөліну арқылы ұзақ жылдан астам уақыттан кейін толық жаңартудан өтіп, заман талабына сай қажетті инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған. Ғимарат аумағындағы стадионда 450 орын адамның сыйымдылығы бар трибуна орналасқан.

Сонымен қатар, баскетбол, волейбол және ғимарат ішінде күрес, бокс үйірмелері қарастырылған. Одан бөлек, командаларға арналған киім ауыстыратын және жуынатын орындар бар.

Ә.ҚАСЫМ

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT