Аудан әкімі Ш.Кейкин бірнеше бөлім басшыларымен коронавирусқа қарсы алдын ала сақтық шараларының қаншалықты деңгейде жүргізіліп жатқанын тексеру үшін халық көп шоғырланатын бір қатар сауда орындарын, Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен Мақат кенті вокзалын аралап шықты.
Санитарлық норманың сақталуы - әсіресе халықпен тығыз байланыста отырған саудагерлер үшін басты міндет.
Аталған нысандардың қай-қайсысы да алдын ала таратылған брошюралар мен керекті кеңестерді қабырғаларына іліп, көз салған тұрғынды аты жаман аурудан құлағдар етіп тұр.
Қарапайым қағидалардан бастап, керекті құрал-жабдықтарға дейін қатаң қадағалаған аудан әкімі қай кезде болмасын, қауіпсіздікке салғырттық танытуға болмайтынын тағы бір пысықтап өтті.
Сондай-ақ, әр кәсіпкердің жанында санитарлық нормаға сай әрекетті қалай істеу керектігі қағазға жазылып тұрғанының артық еместігін айтып, тиісті бөлімге вокзал ішіне арнайы роликтер көрсетілетін теледидар орнату тапсырылды.
А.САДЫКОВ
Суреттер автордікі