Есепті электронды түрде тапсырыңыз!

(0 Votes)

Мемлекеттік кірістер комитеті төтенше жағдайға байланысты салық төлеушілерге қолдау көрсетеді

Қазақстанда коронавирус індетінің тіркелуіне байланысты төтенше жағдай енгізілгендіктен, Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес субъектілеріне бірқатар мемлекеттік қолдау көрсетпек.

Олар инвестициялық салықтық преференциялар, арнайы экономикалық аймақтар, арнайы салықтық режимдер. Бұл жеңілдіктер кәсіпкерлік субъектілері мен агроөнеркәсіп кешенін қолдауға арналған.

2018 жылдың қорытындысымен республика бойынша салық төлеушілер 4,5 трлн. теңгеге салықтан босатылған. 2019 жылдың қорытындысы бойынша да осындай мөлшерде салықтық жеңілдіктер жасалады.

Биылғы жылдан бастап арнайы салық режимі бойынша есеп айырысатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері 3 жылға салық төлеуден босатылды.
Бұл субъектілерді тексеруге мораторий жарияланды.

Бұған қоса елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, қарым-қатынасты азайту үшін заңды және жеке тұлғаларға декларация тапсыру мерзімі төтенше жағдайдың уақытына сәйкес келгендіктен, оны 30 күнтізбелік күнге кейінге шегеру туралы шешім қабылданды.

Бұл норма есептілікті электрондық түрде ұсынуға қолданылады.

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты заңды және жеке тұлғаларға декларация тапсыру мерзімі төтенше жағдайдың уақытына сәйкес келгендіктен, ол 30 күнтізбелік күнге, яғни 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылады. Алайда, ол үшін салық есептілігі нысандарын электронды түрде тапсыру қажет.

Осылайша, 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін тапсырылған электронды декларациялар уақытында табыс етілген болып саналады.

Бұл ұзартулар 2019 жылдың 100.00, 110.00, 150.00, 220.00, 230.00, 240.00, 700.00, 860.00, 870.00, 871.00, 920.00 нысандарына қатысты қолданылады.

Салық төлеушілерге мерзімнің ұзартылғанына байланысты қандай да бір қосымша өтініштер мен хабарламалар жолдаудың қажеті жоқ.

1 сәуір мен 30 сәуір аралығында тапсырылған нысандар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылмайды.

Сондай-ақ, Салық кодексінде төтенше жағдай кезінде қарыз кейінге шегерілсе, оған өсімпұл есептелмейді.

Алайда ондай жеңілдікті алу үшін кепілзат немесе банктік кепілдік қажет. Осыған орай төтенше жағдай кезінде салықтық міндеттемелер бойынша қарыз бен өсімпұлды кейінге шегеруді оңтайландыратын тетіктер қарастырылуда. Төтенше жағдай кезінде камералды бақылау қорытындысы бойынша хабарламалар жіберу тоқтатылады. Нысандарға барып, кедендік және салықтық тексерістер жүргізу азайтылған. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі төтенше жағдай мерзімі аяқталғаннан кейін қарастырылады. Бұдан өзге қолдау көрсету шаралары қарастырылмаған. Жұмыс берушілер наурыз айында төлеген жалақының салығын 25 сәуірге дейін төлеуі керек. Ал егер еңбекақы есептелмеген немесе төленбеген болса, салықтық міндеттемелер қарастырылмайды.

Аудандық мемлекеттік кірістер
басқармасының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521