Аудан әкімдігі адам көп жиналатын орындарды дезинфекциялау жұмыстарын күшейтті.
Қазір Мақат пен Доссор кенттерінде, Бәйгетөбеде халық көп жүретін орындар дезинфекцияланып жатыр. Бұл жұмысты атыраулық «AG Disinfection services» ЖШС-і атқаруда.
Бұл жөнінде бізге аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болатбек Сәрсен мәлім етті.
21 наурыздан басталған бұл жұмыс бір ай бойы жүреді. Бүгінгі күні әкімдіктер мен теміржол вокзалы, мешіттер, аялдамалар түгел дезинфекцияланған.
Сондай-ақ, аудандық тұрғын үй инспекциясының басшысы Естай Мақсотовтың мәлімдеуінше, Бүгінгі күні Мақат кентіндегі 29 көпқабатты үй, Доссордағы 1 үй санитарлық тазалау жұмысы жүргізілген.
Қалған көпқабатты үйлерге санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Е.МЫРЗА