Өрт сөндірушілердің жалақысы 30 пайызға көтерілді

(0 Votes)

Өткен апта да әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссияның кезектен тыс отырысы өткен болатын.

Күн тәртібінде «Интергаз Орталық Азия» Мақат Желілік өндірістік  басқармасына қарасты Өрт сөндіру командасы қызметкерлерінің «БатысСервисПлюс» ЖШС-іне жалақыны өсіру мәселесін қоюы еді.

Алайда, мәселе түбегейлі шешілмеуіне байланысты Атырау облысы әкімдігіне хат жолданған болатын.

21 қаңтар күні әлеуметтік желіде аталмыш мекеме қызметкерлері жалақы өспесе, жұмысқа шықпайтындары айтылған ақпарат тарады.

Орын алған жағдай бойынша даулы мәселені шешу үшін аудан әкімі Ш.Кейкин, Интергаз Орталық Азия Атырау облысы басқармасының басшысы М.Абуов, "БатысСервисПлюс" ЖШС-нің басшылығы өрт сөндірушілер тобымен кездесіп, жалақыны 30 пайызға көтеруге шешім қабылдап, еңбек шарты жасақталды. Қазіргі таңда мәселе түбегейлі шешіліп, қызметкерлер жұмысқа шықты.

Айта кетейік, Мақат Желілік басқармасында қызмет көрсететін өрт сөндіру командасында штаттық кестеге сәйкес 17 қызметкер жұмыс істейді.

М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT