Аудан әкімінің қабылдауы өтті

(0 Votes)

Өткен аптаның бейсенбісінде аудан әкімі Ш.Кейкин аудан тұрғындарын қабылдады. Кездесу барысында тұрғындардың өтінішіне құлақ түріліп, ұсыныстары қаперге алынды.

Қабылдауда болған алты тұрғынның да жеткізер тілек, арызы ортақ болып шықты. Бірі баспаналы болғысы келсе, бірі тұрақты жұмыспен қамтуды сұрайды.

"Ешкімнің мұң-мұқтаждығы ескерусіз қалмайды. Десе де, барлық талаптарыңыз тек заң аясында шешіледі. Сіздер секілді жүздеген жерлсестеріңіз тұрғын үй кезегінде тұр. Сондықтан да сәл сабыр сақтап, өз кезектеріңізді күтулеріңіз сұралады",- деді аудан әкімі.

Ал, тұрақты жұмыспен қамтуды сұрап келген тұрғындардың тілегі тиісті мамандарға жолданды. Оларға жақын арада жауабы жолданатын болады.

А.САДЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT