Қоржында – қос бас жүлде

(0 Votes)

Талантты жастар продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен  «Жамбылдың әсем жырлары» атты халықаралық өнер – білім байқауында Доссор мәдениет үйі өнерпаздарының қанжығасы майланып, бұл жолы да өнер бәйгесін олжалы болды.

Шашасына шаң жұқтырмай жүрген би үйірмесінің «Еркемай» үлгілі би тобы  хореография жанры бойынша «Тойбастар» қазақ биін билеп, бас жүлдеге ие болды. Ата-бабамыздың өткенінен сыр шертетін күйдің қаншалықты құдіретті екендігі айтпасақ та, мәлім. Ал оны бимен жеткізу нағыз өнерпаздардың ғана қолынан келетіні рас. Мың бұралған бишілер осы ұлттық құндылықты дәріптеп келеді.

bishiler-1

Өнер додасында сондай-ақ, М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін рухтана оқыған драма үйірмесінің оқушысы Шырай Демепбергенова бас жүлдені еншіледі.

Шәкірттерінің бойына өнер дарытып, сайысқа жоғары нәтижеде дайындағаны үшін ұстаздары Айнұр Сәдуақасова және Айнагүл Әбілқасова алғыс хатпен марапатталды.

Доссорлық өнерпаздар биылғы жылды осындай жеңіспен бастап отыр. Алдағы уақытта карантин жеңілдесе, концерт ұйымдастырып, көрермендерді жаңа туындыларымен қуантпақ ниетте.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT