Әріптестеріміз Елбасының алғыс хатына бөленді

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы Мақат аудандық филиалы ғимаратында биылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан азаматтар мен партия мүшелері Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Шарада барлық санитарлық талаптар сақталды.

Іс-шарада «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасы Шәкір Кейкин саяси науқан кезінде тынымсыз еңбек еткен азаматтарға ризашылығын білдіріп, Елбасының Алғыс хатын табыстады.

gulzada

moldirrrrr

— Биылғы сайлау науқаны кезінде ауданда сайлауалды штаб қарқынды жұмыс істеді. Үміткерлер ауданға қарасты барлық елді мекендерді аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Жасотандықтар да науқанға белсене атсалысты. Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы бес жылдық бағдарлама бойынша жұмыс жасап жатыр. Бұл бағдарламаның 85 пайызы халықтан түскен ұсыныс-тілектерді қамтиды. Соның негізінде алдағы бес жылда біз ел игілігі үшін қарқынды жұмыс жасайтын боламыз. Алдағы уақытта сайланған депутаттар осы бағдарламаның орындалуын қадағалайды, — деді аудан басшысы.

beibitt

jumagalieb

Шарада Елбасының Алғыс хатымен марапатталғандар қатарында ардагерлер, білім және мәдениет саласының қызметкерлері, белсенді жастар, мәслихат депутаттары, сондай-ақ БАҚ өкілдері бар.

altungulll

Айта кету керек, Елбасының Алғыс хатымен аудан бойынша 28 адам марапатталды. Олардың 13-і кандидаттар болса, қалғаны штаб мүшелері, сенімді өкілдер және белсенді жастар.

mereke

«Алғыс хат» алған азаматтардың қатарында  газетіміздің бас редакторы Гүлзада Саликова және бас редактордың орынбасары, жауапты хатшы Мөлдір Ізтұрғанова да бар.

Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT