Қажетті анықтамаларды үйден шықпай-ақ алыңыз!

(0 Votes)
фото: 7kun.kz

 Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңнамасына сәйкес қызмет алушының өтініші бойынша жеке тәртіпте жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен қағидалары заң шеңберінде көрсетіледі. Яғни қызметтер тізіліміне сәйкес техникалық инспекция саласы бойынша бөлімде мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі.

Сіз ауыл шаруашылығы көліктерінің жүргізу құқығына куәліктер және мемлекеттік нөмірлік белгі, сонымен қатар жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қызметін «E-gov.kz» сайты арқылы онлайн түрде ала аласыз.

Сайттың төменгі жағында орналасқан сыртқы ресурстар тізбегіндегі электронды «Е-лицензиялау» батырмасын басып, келесі ЭЦП кілтіңіз арқылы кіріп, қызмет көрсету жерінде орналасқан «Ауыл шаруашылығы» мәзіріне кіру арқылы өзіңізге қажетті құжат түрін 1,2 және 4-ші тізбекте көрсетілген қызметтер арқылы алуға болады. Бұл анықтамаларды тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы үйден шықпай ала аласыз.

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521