Пойыздарды күтіп алу мен шығарып салу - өмірінің мәні

(1 Vote)

Мәрия Сембіқызы Байсақалова 1958 жылы Мақат ауылында теміржолшы, соғыс ардагері Сембі Байсақалов отбасында дүниеге келді. Балалық шағы мен мектептегі өмірі туған ауылында өтті. 1975 жылы осы Мақаттағы М.Горький атындағы орта мектепті бітіріп, қолына аттестат алады.

Ал бір жылдан соң Қазақ темір жолының Мақат станциясына оператор-есепші болып орналасады. Міне, 1976 жылы Мәрия темір жолға осылай жақындай түседі. Мақат станциясының бастығы Жоламанов Бұхар Жоламанұлы өзінің қарамағына келген қызға туған әкесіндей қамқор болады. Мәрия да оны ұятқа қалдырмауға тырысып, күндіз-түні еңбектенді.

1978 жылы Гурьев темір жол көлігі техникумының «қозғалысты ұйымдастыру» мамандығына оқуға түседі. Оны 1981 жылы тәмамдап шыққан соң жолдамамен Қызылордаға тәжірибе жинақтауға жібереді. Сол жерде тұрмысқа шығады. Жұбайы Шарғабаев Мақсұт Гурьев облысының тумасы, ол да теміржолшы.

Қызылордада үш жыл пойыз қабылдаушы, тех.кеңсенің операторы болып жұмыс істеген соң туған Мақатына оралады. Содан он жылдай, яғни 1983 пен 1993 жылдар аралығында Мақат вокзалы бастығының кезекші көмекшісі жұмысын атқарады. Байсақалованың біліктілігі мен еңбекқорлығын станция басшылары әрдайым бағалап отырды. Бірнеше рет еселі еңбегі үшін Құрмет грамоталарымен марапатталып, «Мамандығының үздігі» атағын алды.

Басшылардың тапсырмаларын дер кезінде орындады. Кез келген істі жүргізу оған сеніммен берілді. Тіпті билет кассаларындағы қызметкерлер біліктілігін жоғарылатуға кеткенде олардың орнына ауысып, жұмыс барысын еш тоқтатпайтын. Батыс Қазақстан теміржолы Гурьев бөлімшесі жолаушыларды қамтамасыз ету дирекциясы бойынша Мақат станциясының билет-жүк кассирі мамандығымен Мәрия Байсақалова үш жыл, 1993 пен 1996 жылдар аралығында еңбек етті. 2002 жылға дейін «Жолаушылар тасымалы» ЕМК Батыс филиалы Мақат станциясының билет кассирі, аға билет кассирі болып жасады.

Мәрия Сембіқызы осылай жиырма алты жыл темір жолда өзінің қызметтік баспалдақтарынан өтті. 2002 жылы Байсақалова Мақат вокзалының бастығы болып тағайындалады.

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқисыз!

А.САДЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521