«Парасат жолы» жобасы іске қосылды

(0 Votes)

Өткен аптада аудандық орталық кітапханада  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен құрылған «Парасат жолы» жобасының алғашқы отырысы өтті.

 Отырысқа төрағалық еткен аудандық орталық кітапхана директоры Ақмарал Утешова жоба туралы кеңірек түсіндіріп өтті.

-«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба. Өзара түсіністік, құрмет пен сенім – «Парасат жолы» жобасының үш тірегі,-деді А.Утешова.

Аудандық тілдерді дамыту, мәдениет және дене шынықтыру, спорт  бөлімінің басшысы Жандарбек Сарбасов парасаттылық идеологиясын насихаттау мен ілгерілетудің маңыздылығына тоқталды. 

 «Парасат жолы» жобасының республикалық орталығын басқаратын жазушы, қоғам қайраткері, елордалық ақпараттық – насихаттау штабының жетекшісі Сәдібек Түгел облысымызға арнайы іссапары барысында аталмыш жобаның жұмысын жандандыру туралы тапсырған болатын.

3f5fddd1-70f2-4e3b-936c-672fd3c7291f

Тапсырмаға орай бас қосқан жобаны жүзеге асырушы топ мүшелері өзара пікір алмасып, ел игілігі үшін игі идеялар мен бастамалардың халық үшін қызмет атқарарына зор үміт артты.

Азаматтық қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ел азаматтары арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту бойынша жедел өзара іс-қимыл жасау үшін өз әлеуетін біріктіруге ниетті жобаға нақты іс-шаралар топтастырылған.

Бұл жұмысқа ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік-тәрбиелік және волонтерлік жобаларға қатысатын кітапхана қызметкерлері,  дін өкілдері мен танымал тұлғалар тартылатын болады.

Е.МЫРЗА

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT