Оқушылардың демалысы қалай өтуде?

(0 Votes)

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты мектеп оқушылары мерзімінен бұрын 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін көктемгі демалысқа шыққан болатын.

Сондай-ақ, қосымша білім беру үйірмелері мен секциялар да жұмыс уақыттарын шектеді. Ал, карантин сәуірдің бесінен кейін де жалғасса, оқушылар қашықтан оқуға көшірілуі мүмкін. Білім алушылардан бөлек, мектеп мұғалімдері де қашықтықтан жұмыс істейді. Қазіргі таңда, аудан мектептерінде оқушылар мен ұстаздар көктемгі демалысқа кете сала, мектепте дезинфекциялау жұмыстары жүргізіле бастаған. Оқу жылының үшінші тоқсанын ерте аяқтаған балалар таңның атысынан кештің батысына дейін немен айналысып жүр? Олардың көктемгі демалысы қалай өтуде? Бұл сұраққа жауап іздеген болатынбыз.

66823d12-5e79-45fe-8d5c-0fc8bbe3e599

Доссор кентіндегі Тельмановтар отбасындағы балалар бос уақыттарын текке өткізіп жатқан жоқ. Бұл отбасындаТельман Батырлан 9-сынып, Тельман Ерасыл 7-сынып, Тельман Әділжан 5-сынып, Тельман Тәңірден 2-сынып оқиды. Барлығы да А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің оқушылары. Олар демалыста бос жатпай, аналарына қолғабыс етіп жүр. Елде болып жатырған дүрбелең кезеңде Эльмира Мусина бетперде тігіп, тұрғындарға тегін таратуды қолға алған болатын. Көпбалалы ана осылайша балаларын еңбекке баулуға көздеген. Эльмираның өзі матадан бетперде тіксе, балаларының бірі тартқышын тігіп, бірі үтіктеп, енді бірі санап әрі реттеп отырады.

bdf6bbbd-04a2-461d-9dbc-b8e78c8477ee

«Студент балаларым да, оқушылар да үйде. Олардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін, осы істі қолға алып халыққа қызмет көрсетейік деп шештім. Бір жағынан балаларымды еңбекке баулысам, бір жағынан қайырымды іс жасауға үйретіп жатырмын. Отбасымызбен жүзден аса маска тіктік. Айналамызға, көршілерімізге тараттық. Одан әрі аудан волонтерлары көмекке келіп, тұрғындарға таратты. Балаларымның демалысы осылай өтуде»,- дейді Эльмира.

Мақаттық Айсағалиевтар отбасы да балаларының бос уақытын тиімді өтуіне айрықша көңіл бөлуде. М.Баймұханов атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының оқушысы Ибрахим Жансұлтан әжесі айтқан ертегі, аңыз әңгімелерді тыңдап, рухани азық жинауда. Гүлназия Нұрғожина немересінің жан-жақтан дамуына басымдық береді. Сондықтан қазіргі бос уақытты тиімді пайдалануға тырысып, танымдық дүниелерді үйретуге жұмыстанып жатырмын дейді.

«Тек ертегі айтып қоймай, жан-жақты жұмыстанып жатырмыз. Жазу жазғызып, есеп шығартып, сурет салғызып, сабақты ұмытып қалмасын деген ой. Одан бөлек, ертеде өзіміз ойнаған асық секілді ұлттық ойындарды да, қазір немерелеріме үйретіп, бірге ойнап жүрміз»,- дейді Гүлназия әжей.

a2e51520-4981-4c8d-bbf1-427efd12056f

Ал, Х.Санбаев атындағы орта мектебінде жақында ғана ашылған STEM кабинетіндегі «Менің роботым» үйірмесінің оқушысы? әлденелерді құрастырып, машықтанып жүр екен. Қазір бос уақытымыз көп. Ойдағы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер бар дейді ол.

«Робот жасау өте қызық деп айта аламын. Әрине, бір жағынан қиын. Десе де, қызық. Қазіргі кезде бигдэй, криптовалюта, робототехника деген дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Сондықтан ойымызды еркіндікке жіберіп, көптеген дүниелерді жасауға болады. Мен де демалысымда құр жатпай, ғаламтордан ізденіп, осы сала бойынша жұмыстанып жатырмын»,- дейді ол.

Жоғарыда айтылған қай отбасының балалары болмасын, демалысқа ерте шығып, бос уақытты барынша пайдалы өткізуге тырысуда. Демалған жақсы ,әрине. Дегенмен өз-өзімізді дамытып, бос уақытты тиімді ұйымдастыру – келелі істерге жетелейтінін ұмытпайық!

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT