Мақаттық тігіншілер маска тігуді қолға алды

(0 Votes)

Коронавирус індетінің көптеп таралуының кесірінен дәріханаларда медициналық маскалар тапшы. Вирустан қорғану құралының бірден-бірі осы - бетперде.

Ал, сұраныс көбейген сайын бетперделердің құны шарықтап, бірнеше есеге қымбаттап отыр. Бұған қарамастан, медициналық маска іздеушілердің қарасы қалың. Ауданымыздағы ахуал да осы. Тұрғындар дәріханалардан маска таппағанын айтып, жиі шағымданып жатыр. Тапшылықты жою мақсатында Мақат кентінде ісмерлікпен айналысып, нәпақасын тауып отырған тігіншілер Сандуғаш Нұрбаева, Ақжарқын Ержанова, Гүлбазар Сәрсенбаева алғашқылардың бірі болып, маска тігуді қолға алды. Сондай-ақ, бұл іске Мақат кентіндегі «Айсұлу» жиһаз салонында орналасқан 8 және 6 бутик тігіншілері қосылды. Олар негізгі жұмыстарын тоқтатып, бетперде тігумен айналысуда. Өйткені сұраныс жоғары, тапсырыс берушілер де көп. Дайын өнімдерді тұрғындар тігілген бойда сатып алуда екен. Бетперделер мақта матадан тігіліп жатыр. Бұл маскаларды жуып, үтіктеп, қайта қолдануға болады. Бағасы да қолжетімді - 200 теңге.

928603a2-a874-4944-a022-d565d207cf88

«Қазір көп жерде медициналық бетперде табу қиын. Бағасы да шарықтап барады. Ел басына осындай қиын іс түскенде, халықпен бірге болып, қолымнан келетін кәсібімді пайдалы іске жұмсауды, көпшілікке жәрдемдесуді мақсат еттім. Матасын жеткізіп берген ерікті жастарға да тегін тігіп бердім. Олар да халыққа тегін таратып, алғысын алған болатын», – дейді Сандуғаш Нұрбаева.

Осылайша көпреттік маска тігу арқылы, бір реттік маскаларға деген сұранысты төмендетіп, бағаның тұрақтануына себеп болғымыз келеді дейді тігіншілер.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521