Қоғамдық көлік бағыты көбейетін болды

(0 Votes)

Аудан орталығы - Мақат кенті ғасырға жуық тарихы қалыптсақан өлке саналғанымен, тауелсіздік жылдарында қалыптасу деңгейі  экономикалық тұрғыдан өркендей бастады.

Кенттің бүгінгі келбеті кемелденіп, келешекке маңызды жоспарларын жүзеге асыруды қолға алды. Апта ішінде Мақат кенті әкімі Болатбек Сәрсен «2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және алдағы міндеттер туралы» тұрғындар алдында есеп берді.

Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған есеп беру жиынына аудан әкімі Жұмабай Қарағаев төрағалық жасап, кент тұрғындары, ардагерлер, мәслихат депутаттары, аудандық дербес бөлім басшылары, жастар қатысты.

Жиында алдымен кент әкімінің ауылда жасалған әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктері мен алға қойған міндеттері туралы баяндамасына зейін қойған тұрғындар кентте жыл бойы жасалған жұмыстармен танысты. Жергілікті тұрғындар куә болып, игілігін көріп келетін мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып жатырған жұмыстар жылдан-жылға еселеніп, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында тың жобаларға иек артуы еліміздің ертеңіне деген зор сенімнен туындайды.

Қазіргі таңда өңірдің әр саласында өркенді өзгерістер жалғасын тапса, білім, мәдениет, спорттың дамуына жергілікті тұрғындардың белсенділігі артып отырғанын тілге тиек етті әкім. Сонымен қатар, қылмыстың азаюына кент әкімдігінің ықпалымен қоғамдық шаралардың ұйымдастырылуы, құқықтық тәртіпті сақтау бағытында, қоршаған ортаның тазалығы, көгалдандыру, жастармен жұмыс аудан орталығы тұрғындары тарапынан оң нәтижеге ие. Баяндамашы өткен жылы халықтың әлеуетін көтеру мақсатында ұйымдастырылып отырған жұмыстарды да саралап, кентте ауыл шаруашылығы дамып, 4 шаруа қожалығы мен қатар жекелеген тұрғындардың да мал өсіруге ынтасы артып отырғанын өткен жылдармен салыстырғанда пайыздық өсім барын айтты.

Жиында тұрғындар атынан сөз алған аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қабылхан Омаров кентте өткен жылы жасалған жұмыстарға қанағаттанарлық баға бере отырып, әлі де болса, ауыл ішіндегі 4-ауылдың солтүстік бағытындағы жолын жөндеу көптен бері көкейдегі мәселе екенін бүгіп қалмады. Биылғы жылы жоспарлы жол жөндеу жұмыстарында көтерілген мәселе ұмыт қалмауын өтінді. Сонымен қатар, кентте спорт кешендері, қоқыс контейнерлері жеткіліксіздігін де жасырып қалмады.

Бұл жұмыстардың жоспарланып, келешектің еншісінде жүзеге асатынымен сендірген кент әкімі Б.Сәрсеннің жауабын аудан басшысы Ж.Қарағаев толықтырды.

Әкім кентте биылғы жылы ауданда 800-ге тарта қоқыс контейнерлері қойылатынын, жол жөндеу жұмыстарымен бірге ПМС және тұрғындар арасында «Шайтантөбе» аталып жүрген 4- ауыл бағытына ішаралық қоғамдық көлік ұйымдастыру да жоспарланғанымен қуантты. Жақсы жаңалыққа қошемет көрсеткен жиынға қатысушылар назарына келешекте «Шайтантөбе» атауын ономастикалық комиссияға ұсыныс жасап, өзгерту мәселесін де жадылады.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521