Мемлекеттік қызметшілердің өз аллеясы бар

(0 Votes)

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Доссор кентіндегі Ш.Еркешов көшесі бойында «Мемлекеттік қызметшілер аллеясы» ашылды. Алаң кенттің қақ ортасында орналасқан. Серігіп, серуен құруға таптырмайтын орын.  Ашылған жаңа аллея кент көшесіне ерекше көрік беріп тұр.

Аллеяда шыныдан жасалған 10 стенд орналастырылған. Онда еліміз тәуелсіздік алған сәтінен бері мемлекеттік қызметті дамытудың маңызды үш кезеңі қамтылған. Стендттерде мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен жариялылығының көрінісі сипатталған. Бұдан бөлек, адам жүруге арналған аумаққа заманауи түрлі түсті тас төсеніштер төселіп, гүлдер отырғызылып, жасыл желектер егілген. Сондай-ақ, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында қоқыс контейнерлері және демалу үшін орындықтар қойылған.

6a0e0752-7454-4e44-8bfc-219291d9c9ca

Кенттің ажарын ашқан аллеяның ашылу салтанатында аудан әкімі аппаратының басшысы Бекәділ Орынбасарұлы жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Болашаққа бағдар» жобасы аясында ашылған бұл аллея ел үшін езіліп, жұрт дегенде жұмылып еңбек етер сала мамандарының өлшеусіз еңбегіне ерекше тарту деп есептейміз. Тың жоба «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілердің еңбек жолын одан әрі ұлықтай түсеріне сенімдіміз»,- деді аудан әкімі аппаратының басшысы.

Кейін, аллеяның лентасын аудан әкімі аппаратының басшысы Бекәділ Жайкин және Доссор кенті әкімі Болат Ермеков қиып, алаңмен танысты.

6a05d7d9-60c3-4aee-9db9-478660c5d0b0

Аталмыш аллея айтулы саланың абыройын арттырмақ. Ал мемлекеттік қызметшілердің қажырлы еңбектеріне тарту  ретінде ашылған аллеяға мамандар дән риза.

54c09475-ddf3-4b45-83a5-5d05642b28d6

Енді, жаңа аллея елдің игілігіне қызмет етіп, ауыл тұрғындары мен қонақтарының демалатын орнына айналмақ.

44701db4-3fe2-4ea7-b99c-2710ca42ed97

Халық игілігіне берілген алаңды күтіп ұстау да тұрғындар жауапкершілігінде болмақ.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521