Елге қызмет ету – басты ұстаным

(0 Votes)

Билік пен халықты байланыстырушы буын яғни мемлекеттік қызметшілер кәсіби мерекелерін атап өтті. Осыған орай, аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. 

Аудан әкімі Шәкір Кейкин мемлекеттік органдарда қызмет етіп жүрген қызметшілерді құттықтады. Олардың қатарында, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» аудан әкімінің орынбасары Болатбек Сәрсен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы-Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасының міндетін атқарушы Руслан Тұңғышбаевтың «Алғыс хатымен» аудан әкімі аппаратының басшысы Бекәділ Жайкин марапатталса, аудан әкімінің алғыс хатымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Сарбасов, аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Б.Кекілбаева, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Ә.Исмагамбетова, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Д.Төкешов, аудан әкімі аппараты азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы Д.Асанов, аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің бас маманы Ж.Сырлыбаева, аудандық қазынашылық басқармасының бас-маманы-бас қазынашысы А.Нурсейітова, Мақат кенті әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Г.Жанаспаева, Мақат кенті әкімі аппаратының бас маманы А.Шакирбаева, Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Кунбаева ие болды. Өз сөзінде аудан басшысы «Басты міндет - елге қызмет» қағидасын қатаң ұстанған мемлекеттік қызметшіге халықтың артар сенімі зор екендігін атап өтті.

img_4068

Ауданда жүзеге асып жатқан игі істер мен биік белестерге қомақты үлес қосқан бірқатар азаматтарды аудандық мәслихат хатшысы Қ.Исмагулов құттықтап, «Алғыс хатпен» марапаттады. Олар: аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Сарбалиева, Мақат кенті әкімі аппаратының бас маманы Г.Назарова, аудандық қазынашылық басқарма басшысының орынбасары М.Уралова, аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы А.Қоразовқа тапсырылды.  

img_4078

Шара барысында басқару органдарына келіп қосылған жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады.

img_4103

Одан әрі аудан өнерпаздарының сазды бағдарламасымен жалғасын тапты.

А.МАСАТҚЫЗЫ

Суреттер автордікі

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521