Мақсат - айқын, жоспар - анық

(0 Votes)

Еліміз үшін маңызды саяси кезең саналатын сайлаудың өтуіне санаулы күндер қалды. Тура бес күннен соң әр тұрғын өзі таңдаған партиясына және лайық деп таныған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығы мен әр түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлерге дауыс беретін болады.

Жаңа жыл мерекесі демалысынан кейін «Nur Otan» партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Нұрлыбек Ожаев және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Әсел Қаржауова, Қуаныш Исмагулов, Мереке Басанов канвассинг шарасы аясында аудан тұрғындарының үйіне барып, кездесу өткізді.
Алдымен Доссор кентіне табан тіреген партия өкілдері өнерлі отбасы Ғинаятовтардың шаңырағында болды. Аудан мәдениетінің дамуына үлес қосқан Естай Ғинаятов партияның ардагері ретінде алдағы сайлау науқанына сәттілік тіледі.

64e64582-2347-48d7-a895-d2e7a5ed513a

Өз кезегінде Нұрлыбек Жұмахметұлы «Nur Otan» партиясы тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, ауыл-аймақ игілігі үшін жасалатын істер турасында әңгіме қозғады.

Ғинаятовтар отбасы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын құптайтындарын жеткізіп, нақты істер партиясына дауыс беретіндіктерін жеткізді.

0af95aed-e22c-4714-9322-8f85b68ee384

Кездесу соңында әке, бала, немереден құралған отбасылық ансамбль шаңырақтарына арнайы келген қонақтарға күйден шашу шашып, өнерлерін ортаға салды.
Одан әрі Мақат кентіне жол тартқан үміткерлер өлкетанушы Орақ Деңгелбаевтың шаңырағына бас сұқты. Ардагер өлкетанушы өзі жазған кітаптарын таныстырып, аудан тарихынан сыр шертті.

e3fa62a6-ee31-4fcc-88f2-2d89bfe65295

Тұрғындарға аяқтай барып, жолыққан үміткерлер «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға жоспарлаған сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі жеті басымдықтармен таныстырып, алға қойған міндеттерді атап өтті.

Оларға партияның үгіт парақшаларын таратып, 10 қаңтар күні өтетін сайлауға белсенді қатысуға насихаттады.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

М.ІЗТҰРҒАНОВА
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521