Мақаттықтар кент әкімін сайлады

(0 Votes)

 2 шілде күні аудан тарихында тұңғыш рет әкім сайлауы өтті. Яғни, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформасына сай тұрғындар ұйымшылдықпен Мақат кентінің әкімін сайлады.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен барлығы 3 кандидат құжат тапсырған. Олар – Болатбек Сәрсен – аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, Естай Мақсотов – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы және Жұмабай Қиылов – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кеңсе бөлімінің басшысы.

Тұрғындар өз таңдауын жасау үшін аудан орталығынан 6 сайлау учаскесі дайындалды. Барлық учаскелер қажетті құралдармен және ақпараттық материалдармен қамтылды. Таңғы сағат 07:00-ден бастап барлық дауыс беру орындарында мемлекеттік әнұран шырқалып, жұмысқа кірісті. Осы уақыттан бастап сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс жасады. Алғашқы болып дауыс берген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мамандарының айтуынша, сайлау талаптарға сай өтіп, ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген.

Саяси науқанға дауыс беру құқығына ие 7996 сайлаушының 4222-сі қатысқан. Қорытынды бойынша Жұмабай Қиылов 571, Естай Мақсотов 794, Болатбек Сәрсен 2796 дауыс жинапты. Айта кетейік, Болатбек Амандықұлы осы қызметті бұрын да атқарып, көпшіліктің сеніміне ие болған жан.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT