Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 3 шілдедегі №14 қаулысымен және аудан әкімінің 2023 жылғы 3 шілдедегі №142 санды өкімімен Сәрсен Болатбек Амандықұлы Мақат кенті әкімі лауазымына тағайындалды.
Аудан әкімі Р.Ибрагимов жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілей отыра, кент тазалығын үнемі қадағалау, тұрғындардың өтініш-тілектерін заң аясында шешілуін қамтамасыз ету және ауылда жүзеге асатын жобалардың сапалы әрі уақтылы аяқталуын бақылауға алуды тапсырды.
Болатбек Амандықұлы 1983 жылы 29 қазанда Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кентінде дүниеге келген. Білімі – жоғары. Алматы қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде инженер-системотехник мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2006 жылы «ЛТД энергетика» ЖШС-де ІІ дәрежелі инженер-жобалаушы қызметінен бастаған.
2007 – 2009 жылдары «ЛТД» Энергетик ЖШС-ның өндірістік техникалық бөлімінің бастығы;
2009 – 2014 жылдары «ЛТД» Энергетик ЖШС-ның директоры;
2014 – 2018 жылдары Мақат кентінің әкімі;
2018 жылы Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
2018 – 2020 жылдары Мақат кентінің әкімі;
2020 жылы Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
2020 – 2021 жылдары Мақат ауданы әкімінің орынбасары;
2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін Мақат аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Отбасылы.