Мақаттық педагогтар «Үздік жоба» номинациясын жеңіп алды

(0 Votes)

 2022-2023 оқу жылында «Жаңа буын мектебі» жобасы бастау алған болатын. Жобаның мақсаты - үш одақтың жұмысын нығайту және білім сапасын арттыру. Бұл жердегі үштік одақ дегеніміз - ұстаз, оқушы және ата-ана.

Жарты жыл бұрын іске кіріскен әр мектептегі 10 адамнан тұратын топ жақында жоба аясында мектептің даму стратегиясы бойынша өз жұмыстарын қорғады. Олардың қатарында ауданымыздан Л.Шахатов атындағы орта мектеп «Үздік жоба» номинациясын жеңіп алды.

«Алдымен наурыз айында біздерге арналған оқыту семинарлары болды. Кейін біз оқушылар мен ата-аналарға таныстыру жұмыстарын жүргіздік. Жуырда облыс орталығына барып жобамызды қорғадық. Сарапшылар алқасының шешімімен біздің жобамыз облыстағы 21 мектептің арасынан үздік бестікке кірді», - дейді Л.Шахатов атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мөлдір Несіпбаева.

Жеңімпаз боп танылғандарға жобаны іске асырудың үш жылдық жоспары бойынша «Теңізшевройл» компаниясы тарапынан қолдау көретін болады.

А.Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521