Наурыз мерекесі қарсаңында аудандық орталық мешіті “Арақ атаңнан қалған ас емес” акциясын ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты - Рамазан айында алкоголь өнімдерін дүкендерде сатпау.
Мешіт ақсақалдар алқасының үндеуіне құлақ түрген Мақат кенті бойынша 17 сауда дүкен иелері ішімдік сатудан бас тартып, бүкіл мұсылман қауымына үлгі боларлық іс жасады.
Бұл ретте игілікті бастамаға қолдау білдіріп, табыс көзінің бір бөлігінен бас тартып отырған кәсіпкерлерді ауданның бас имамы Біләл Сүннетқожаұлы арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Мұндай бастама алдағы уақытта ауданның барлық ірілі-ұсақты кәсіпкерлерінің арасында жүргізіле беретін болады.
Алкоголь өнімдерін сатпайтын дүкендер тізімі:
Рамазан
Зоя
Абдулла
Қаламқас
Ниет
Айсұлтан
Болашақ
Гүлназ
Фатима
Әдемі-Нұр
Алтайр
Абзал
Адай
Ақниет
Байсары
Құндызай
М.Ізтұрғанова