Доссорда Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтілді

(0 Votes)

Доссор кентінде де Наурыз тойы ерекше аталып өтті. Мерекеге арналған көпшілік шара Доссор мәдениет үйінің ашық сахнасында өтті.

Күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесіне Доссор мәдениет үйінің өнерпаздары айрықша әзірленген.

Мерекеге жиналған кент тұрғындары мен қонақтар концерттік бағдарламаларды, театрландырылған көріністерді тамашалады.

Көпшілікке тарихи кезеңдердегі сахналық қойылымдар ұсынылды. Осыдан кейін кент әкімі Болат Ермеков тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Бұл күні киіз үйлер ұлттық нақышта безендіріліп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тұрмыстық ерекшеліктерін бейнелейтін бұйымдар қойылып, дастархан жайылды. Бауырсақ пен Наурыз көже таратылды. Ағаш үйлердің алдында мерекелік бағдарламалар, спорттық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, алтыбақан құрылып, балалар мен жастардың көңіл көтеруіне жағдай жасалды.

Осылайша бірлік пен ынтымақ мерекесін доссорлықтар көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.

М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521