Мақатта спорт мектептері жаңғыртылуда

(0 Votes)

Мемлект басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық жерлерді дамытудың перспективаларына ерекше назар аударып келеді. Бір ғана «Ауыл ел – бесігі» жобасы аясында бес жыл ішінде 3500 ауылды жаңғырту көзделген. Аталмыш бағдарлама аясында ауданымызда да бірқатар жобалар қолға алынған.

Мәселен, аудан орталығындағы 23 жыл бұрын бой көтерген балалар мен жасөспірімдер спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстарының бүгінде 70 пайызы аяқталған.

«Негізінен бұл спорт мектебі 2000 жылы қолданысқа берілген. Сыйымдылығы 160 адам. Уақыт өте кез-келген ғимарат жөндеу қажет ететіні белгілі. Мердігер мекеме «ГСК РиМ» ЖШС нысанды осы жылдың аяғына дейін тапсырулары тиіс. Бүгінде құрылысқа бөлінген 422 млн 321 мың теңгенің 341 млн 200 мың теңгесі игерілді», - дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілхайыр Қадыров.

Айта кетейік, 252 шаршы метр болатын 2 қатарлы спорт кешеннің аумағында футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, жүгіру жолағы және жаттығу орны болмақ. Сондай-ақ сыйымдылығы 450 адамға арналған көрермендер орыны салынады.

Аталмыш бағдарлама аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан тағы бір ғимарат – Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі. Жөндеу жұмыстарын «Дарен строй Сервис» ЖШС жүргізуде. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарына аудандық Еңбек мобильді орталығынан 4 адам жұмысқа тартылған.

«Спорт мектебі 2005 жылы қолданысқа берілген. Содан 2018 жылы ғана ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. 18 жылдан кейін ғана күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Еден стандартқа сай жасақталып, есік, терезелері ауыстырылады», - дейді спорт мектебінің директоры Әмірхан Жүгінісов.

Шілде айында басталған құрылыс жұмыстарына 145 млн теңге қаражат бөлінген. Жоспар бойынша биыл қараша айында аяқталады деп күтілуде. Ғимараттың өзімен қатар, футбол алаңы, теннис корты, шарбақ, брусчатка және автотұрақ жаңартылмақ.

Айта кетейік, аталмыш мектепте 750 бала спорттың 9 түрімен шұғылданады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

СУРЕТТЕР АВТОРДІКІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT