Мақатта автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

(0 Votes)

Өткен аптада Мақат ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №8 ӨСБ қызметкерлері аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Мақат кентіндегі автокөліктерді тоқтату арқылы рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Статистика бойынша аудан аумағында ағымдағы жылы 5 өрт оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 4-еуі автокөліктерде орын алды. Өрттің себептері автокөліктердегі электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан болып отыр.

8417c78e-5d29-47af-a783-9fc947b04371

Автокөліктердегі өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында өткен рейд барысында автокөлік иелеріне өрттің пайда болуы мүмкіндігін төмендету үшін, жеке автокөліктің техникалық жарамды күйінде сақтау, зауыт нұсқауы талаптарына сәйкес пайдалану мен қызмет көрсету, электр жүйесіндегі барлық өзгерістер мен толықтырулар сапалы түрде арнайы мекемелерде жүргізілуі, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі түсіндіріліп, өрт сөндіргіштері тексерілді. Барлық көлік жүргізушілерге «Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында жадынамалар таратылды.

a6bf44dd-b5bd-477a-a8be-86128545ce7e

Рейд кезінде барлығы 25 автокөлік тоқтатылып, оның 5-еуінде өрт сөндіргіштер болмай, оларға ауызша ескерту жасалды. Бұл шара ай сайын өткізіліп, жалғасын табатын болады.

d4b10e87-ff0b-4edf-bde5-f0696290fac4

Автокөлік жүргізушілері: автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтай отырып Сіз тек өзіңіздің мүлкіңізді ғана емес, өзіңіздің өміріңізбен жолаушыларды да оқыс оқиғалардан сақтай аласыз!

Мақат ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521