Мақатта 206 оқушыға планшет берілді

(0 Votes)

Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Maqat - adaldyq alany» жобалық кеңсесі өкілінің қатысуымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мектептерге арналған планшеттерді бөлу бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Жаңа оқу жылында онлайн оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік осал топтар санатындағы оқушыларға мектептердің теңгеріміндегі 354 дана компьютер берілген болатын. Дегенмен мәселе бұнымен толық шешілмей, тағы 340 отбасындағы 801 балаға компьютерлік техника жетіспеушілігі туындаған еді. Осы олқылықты жою үшін білім беру бөлімі компьютер, планшет, ноутбукке сұраныс жолдаған болатын. Сейсенбі күні білім саласындағы өзекті мәселе шешіліп, ҚР Үкіметі резервінен өңірге су жаңа 206 бірлік планшет жеткізілді. Бұл планшеттер аудан мектептеріндегі әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға беріледі.

planshet-2

Нақтылай кетсек, А.Құнанбаев атындағы орта мектебі, О.Сарғұнанов атындағы орта мектебі, С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты, Л.Шахатов атындағы орта мектебі, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешеніне - 20, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі, Х.Санбаев атындағы орта мектебі, М.Баймұханов атындағы орта мектебіне – 30, №2 Бастауыш мектебіне 16 данадан планшет бөлініп берілді.

planshet-1

«Бұл планшеттердің бір артықшылығы екі SIM-карта, сонымен бірге флешка салынады. Балалардың сабаққа қолдануына өте ыңғайлы. Осы планшеттер осал топтағы отбасы балаларына таратылады. Әсіресе соның ішіндегі озат оқушыларға беруді біз ұсыным ретінде беріп отырмыз. Планшеттер мектеп балансына берілгендіктен, қайтарымды акт арқылы таратылуда»,- деді аудандық білім беру бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ақмарал Боранханова.

planshet-4

Қазіргі кезде басты талап — карантинге қарамастан оқушыларға сапалы білім беру. Ол үшін оқу құрал-жабдықтарының сақадай сай болуы маңызды. Жаhандану дәуірінде жас ұрпақ техникадан таршылық көрмеуі тиіс. Сондықтан алдағы уақытта да ауданға тағы 200 компьютер, 1025 ноутбук келеді деп күтілуде.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордан

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521