Мақат станциясы тасымалдауды тоқтатқан жоқ

(1 Vote)

Ауданда орналасқан Атырау мұнай құбыры басқармасының «Мақат» мұнай айдау станциясы «Мақат-Атырау», «Кеңқияқ-Атырау» бағытына мұнай тасымалдау процесін тоқтатқан жоқ, өндіріс қалыпты режимде.

Бүгінде мұнай айдау станциясының барлық 34 жұмысшы-қызметкері жұмыстарын атқарып жатыр. Олар өндіріс басына және үйлеріне қызметтік автобустармен қатынайды. Нысанға кіру режимінің талаптары күшейтілді. Жұмысшылар арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Жұмысқа түсерде дәрігерлердің қатысумен дене қызулары өлшенеді.

Егер аудан көлемінде эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда станция вахталық жабық режимге көшуге дайын. Мұнай айдау процесі тоқтамайтын болады. Компанияның жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің хабарлауынша, егер өндіріс жабық режимге көшкен сәтте, станцияда жұмыс атқаратын оперативті персоналға – 7 жатын орын жасақталды. Оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету жайы шешілген.

Өз тілшіміз

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521