Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильді орталығының басшысы Қ.Омаровтың 2023 жылғы 27 маусымдағы №9 бұйрығымен Бағытов Айбол Аманкелдіұлы Еңбек мобильді орталығы аудандық филиалының басшысы болып тағайындалды.
Айбол Аманкелдіұлы 1995 жылы 4 ақпанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
2016 жылы Орал қаласында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2017 жылы Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінде «Өрлеу» жобасы бойынша консультант болып бастаған.
2018 жылдан бастап «Мақат ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында» атаулы әлеуметтік көмек жөніндегі консультанты болып қызмет атқарып келді.
Отбасылы.