Мақаттық аяқдопшылар жарады

(0 Votes)

Бүгін Атырау қаласында футболдан жасөспірімдерге арналған «Arystan Football Fest» атты облыстық турнир өз мәресіне жетті. 

Аталмыш турнирдің басты мақсаты — өңірдегі жасөспірімдер арасында футболды кеңінен насихаттау, болашағынан үміт күттіретін спортшыларды анықтау және олардың тәжірибесін арттыру.

Жалпы ала доп бәсекесіне барлығы 9 команда қатысты. Олардың арасында Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 2017–2018 жылы туған жасөспірімдер құрамасы ерекше көзге түсті.

Жас футболшыларымыз ширақ ойын өрнегін көрсетіп, финалға дейін сүрінбей жетіп, жүлделі II орынды иеленіп, күміс кубокті қанжығасына байлады.

Сондай-ақ, турнир нәтижесінде «Мақат» командасының қорғаушысы Ибрахим Аққали ерекше ойын үлгісін көрсетіп, турнидің «Үздік қорғаушысы» атанды. К

оманданы жарысқа дайындаған Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы Әнуар Теңдібай шәкірттерінің ынта-жігерін жоғары бағалап, алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге қол жеткізетініне сенім білдірдіретіндігін жеткізді.

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT