Астана қаласында менталды арифметика бойынша өткен «Жазғы кубок – 2025» республикалық олимпиадасында аудандағы «Wunderkind» зияткерлік орталығының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды қанжығасына байлады.
Зияткерлік додаға аталған орталықтан 6 оқушы қатысып, олар жас ерекшелігі мен категориясы бойынша үздіктер қатарынан көрінді.
Атап айтқанда, Әділхан Жеңіс «С» категориясы бойынша I орын, Лұқманхакім Нұриахмет «В» категориясы бойынша I орын, Раяна Бақтығали «D» категориясы бойынша II орын, Аяла Саясатова «D» категориясы бойынша III орын, Бекет Жарылғасын «D» категориясы бойынша III орын, Ерасыл Құрақ «В» категориясы бойынша III орын иеленді.
Оқушыларды жарысқа дайындаған «Wunderkind» зияткерлік орталығының ұстаздары Нұрлан Майдамбекұлы мен Аяжан Бірлесқызы балалардың табандылығы мен зияткерлік қабілетін жоғары бағалап, бұл нәтижелер тыңғылықты дайындықтың жемісі екенін айтты.
Ж.Қамза