Бүгін Мақат аудандық мәслихат депутатын сайлау №9 бірмандатты округ пен №213 учаскелік сайлау комиссиясында өтуде.
Таң атысымен дауыс беруге келген сайлаушылардың қарасы көп.
“Бүгінгі сайлау — әділдік пен ашықтықтың белгісі. Мәслихат депутаттығына түсіп жатқан азаматтардың бәрі ауданымыздың тыныс-тіршілігімен таныс, ел үшін еңбек етіп жүрген жандар. Барлық үміткерлерге сәттілік тілеймін”, — дейді сайлаушы Ахметжан Жұмағалиев.
Ж.Қамза
Сурет автордікі



